Елордада суға батып кеткен баланы әйелдің құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

© Photo : СС0 / Steve BuissinneМальчик купается в бассейне
Мальчик купается в бассейне - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Елордада полицей суға батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бала құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Видеодан суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушының шығарып жатқанын көруге болады. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте демалушылардың бірі көмекке келеді. Ол балаға реанимация жасап, бала демала бастаған.
Жедел жәрдем қызметі келген соң бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Ата-анасы баланы құтқарғандарға алғыс айтты.
Суға батып бара жатқан балаға көмектескен адамның аты – Назым Шәріпова. Ол Есіл ауданы Полиция басқармасында жұмыс істейді. Сол күні полицей отбасымен бірге бассейнге демалуға барған.
Жаңалықтар
0