Шымкентте із-түзсіз жоғалған қыздың денесі табылды – жездесі қамауға алынды

© Photo : Polisia.kz18-летняя девушка пропала в Шымкенте - ее ищут
18-летняя девушка пропала в Шымкенте - ее ищут - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Жазылу
ШЫМКЕНТ,8тамыз – Sputnik. Шымкентте 4 тамызда үйден шығып, сол күйі оралмаған бойжеткеннің денесі жертөледен табылды. Ал оның жездесі күдікті ретінде қамалды, деп хабарлайды polisia.kz.
Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне 5 тамыз күні жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Белгілі болғандай, Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.
Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.
8 тамыз түнгі сағат 1:30 шамасында Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0