Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыстың Абрамс танктері қиратылып жатыр

Жазылу
Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында ескі M1A1 Abrams танкінің әлсіз қаруы, жеткіліксіз броньдалуы, үлкен салмағы және күрделі газ-турбиналық қозғалтқышы америкалық қарудың осалдығын көрсетіп тұр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Бұған дейін Иракта, Йеменде және Ауғанстанда жүздеген "Абрамс" кеңестік жылжымалы гранатометтердің оғынан немесе бүлікшілердің қолдан жасалған миналарынан өртеніп кеткен немесе істен шыққан болатын.
7 тамызда Пентагондағылар жөндеуден өткен ескі M1A1 Abrams танктерінің партиясын Украинаға жөнелту туралы хабарлады. Украина Қарулы күштері күздің басына дейін оқ-дәрілермен және сервистік жинақпен қамтылған "Абрамстарды" алады. 1984 жылғы үлгідегі M1A1 Abrams батальоны, яғни барлығы 31 танк арнайы әскери операция бағытына ықпал ете алмайды. Ресей әскері жаздың небәрі екі айында дәл осы көлемде неміс "Леопардын", 400-ден астам басқа танкті және 1780 броньдалған техниканы жойды.
Ресейлік арнайы әскери операциясы америкалық "Шөлдегі дауыл" емес екенін жақсы түсінген Пентагон өкілдері украиналық қолбасшылыққа "Абрамстарды" британдық "Челленджерлер" және француздардың "Леклерктеріне" жақынырақ резервте ұстауды ұсынды. Олардың пікірінше, қираған америкалық танктерді Польшаға эвакуациялауға ыңғайлы болуы үшін техниканы Батыс Украина аумағында шоғырландырған дұрыс.
"Дегенмен Пентагон Украина Қарулы күштеріне бұрын уәде етілген салыстырмалы түрде заманауи M1A2 модификациясындағы танктердің орнына АҚШ армиясының паркінен "корпустары жөнделген" қолданыстағы M1A1 танктерін жібереді", - деп жазды Хроленко.
M1A1 аналогтық нұсқасы мен цифрлық M1A2 танкінің арасында технологиялық алшақтық үлкен. Украиналық танкистерге жауынгерлік ақпараттық-бақылау жүйесі, командирдің панорамалық тепловизиялық көздеуіші, екі жазықта тұрақтандыруы бар бағыттаушы көздеуіші, механик-жүргізушіге арналған тепловизор және алдыңғы бөліктегі уранды броньнан жасалған пластиналар жоқ америкалық машиналар беріледі.
"Абрамс" танктерінің жауынгерлік тиімділігінің төмендеуіне байланысты оларды Украина Қарулы күштеріне жеткізуді жеделдету байқалады. Америкалық Foreign Policy журналы бұған дейін былай деп жазды: "Украинаның импровизацияланған армиясына пайдасыз техника жөнелтіліп жатыр". Алайда бұл есікрген техника үшін барынша толық құнын төлеуге тура келеді.
Abrams танктерінің негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары америкалық қарудың жоғарғы күші туралы кең тараған пікірді жояды. Тіпті салыстырмалы түрде жаңа M1A2 нұсқасындағы танктердің бірқатар технологиялық кемшілігі бар.
"Абрамстар" өте ауыр – салмағы 60 тоннадан асады және бұған кез келген көпір төтеп бере алмайды. Оның жанармай тұтыну көлемі де үлкен – авиациялық керосинді тұтыну 100 километрге 700 литрге дейін жетеді. Украинаның әскери іс-қимылдар театрында Украина Қарулы күштерінің танкистерімен бірге ілесіп жүретін жанармай тасымалдаушы техниканы елестету мүмкін емес. Өйткені оларды ресейлік авиация тез арада жойып жібереді.
"Шөлдегі дауыл" операциясы (1991 жылғы) 18 дана "Абрамс" үшін соңғы операция болды. 2003-2011 жылдардағы Ирак соғысы кезінде 1135 көліктен тұратын америкалық танк паркінің 70%-і өртеніп кетті немесе істен шықты. Ирак армиясына жолданған M1A1 нұсқасындағы 140 дана "Абрамстың" 2016 жылдың соңына қарай "жиһадшылар" 47-сін жойды. Тіпті заманауи модификациядағы танктер де ұрыс даласында әлсіз болып шықты.
Сауд Арабиясы 2015 жылы хуситтермен соғысып жатқан Йемен күштеріне ондаған "Абрамсты" берді. "Бүлікшілер" бір жыл ішінде танкке қарсы басқарылатын зымыранмен саударабиялық, нақтырақ айтқанда, америкалық 20 танкті, оның ішінде үш M1A2S Abarms танкін жойды. Айта кетейік, "Абрамс" танктері әрқашан әуедегі күштердің қолдауымен әрекет етеді. Жалпы украиналық арнайы әскери операция аумағында Leopard 2A4 танктерінің пайда болуы ресейлік әскердің атыс, тактикалық және стратегиялық басымдығына ықпал етпеді.
Ресейде жаңа танктердің өндірісі бірнеше есе өсті - жылына 1000-нан астам техника шығарылып жатыр. Тамыз айының басында жарияланған Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес, арнайы әскери операцияның 500 күнінде Ресей Германияны басып озды және әлемнің бесінші экономикасына айналды. Бұл Украина Қарулы күштері мен НАТО-дан стратегиялық басымдыққа ие болуының маңызды технологиялық элементі.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0