Димаш Құдайберген Абайдың туған күніне орай челлендж бастады

© Photo : Facebook / Dimash Qudaibergen / Димаш КудайбергенДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы Абайдың туған күніне арналған челлендж бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақтың ұлы ақыны туған күнге орай челлендж бастап, оны барлық жанкүйерлерімен жолдаймын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, #AbayChallenge хэштегімен жариялау керек", - деп жазды Құдайберген
Айта кетері, 10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтеді. Ұлы ақынның туғанына 178 жыл толады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректерді мына жерден оқи аласыздар.
Жаңалықтар
0