Видео

Әлеуметтік желіде танымал болған әнші: "Мені Димашпен салыстыруға келмейді"

Сакен Әлімхан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді шырқап, танымал болған әскери қызметші Сәкен Әлімханов Sputnik Қазақстанға өнер жолына қалай келгенін айтып берді.
Серік Әлімханов 1990 жылы 4 маусымда Қарағанды обылысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде дүниеге келген. 9-сыныптан кейін Тәттімбет атындағы өнер колледжінде "дәстүрлі ән" мамандығында оқыған.
"Колледждегі ұстазым - Мейірхан Адамбеков. 2010-2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде "дәстүрлі ән" мамандығында оқыдым. Ол жердегі ұстазым Қайрат Байбосынов болды", - дейді Сәкен Әлімжанов.
Ән өнеріне алғаш рет анасы Әсем Қайроллақызының демеуімен қадам басқан.
"Бала күнімнен әнге өте жақын болдым. Осы қасиетімді сезген анам ән өнерінің жолына өзі жетектеп әкелді", - дейді әскери қызметкер.
Өнер жолында республикалық Әміре Қашаубаев атындағы конкурста, халықаралық "Қазақ дауысы" конкурсында бас жүлдені иеленген. Сондай-ақ "Шабыт" фестивалінде 1-орын алған. Көптеген өнер додасында талай әншіні шаң қаптырған тума талант "Димаштың даусынан айнымайды" деген қоғам пікіріне жауап берді.
"Димаш - мың жылда бір туатын тұлға. Мені онымен салыстыру тым артық. Мен оның ширегіне де татымаймын. Оның таланты мен адамдығының өзі мыңдаған өнер адамдарынан көш ілгері. Димаштың қазақилығы, өзін-өзі ұстауы, өзге ұлтты қазақ тілінде сөйлетуінің өзі неге тұрады", - дейді Сәкен Әлімханов.
Димаш бірге ән орындауға шақырса қалай қабылдайсыз деген Sputnik Қазақстан тілшісінің сұрағына әскери талант былай деді:
"Егер Димаш өзімен ән орындауға шақырса, әрине бірден келісер едім. Тіпті бақыт деп санар едім".
Сәкен Әлімханов жас кезіне қайта оралса да өмір жолын дәл осылай жалғастырар едім дейді.
"Қолым жетпеген биіктер көп шығар. Бірақ осы өміріме сансыз шүкір етер едім. Әттеген-ай дейтін өкінішім болмапты. Ал арманым - шетелдерге қазақ өнерін дәріптеу, таныту", - дейді талант иесі.
Сәкеннің өнерін жоғары бағалаған әскери мамандар оны өз қатарларына қосыпты. Жауапты саладағы аға буын өкілдерінің қамқорлығы мен дұрыс жолға жетелеген еңбегін Сәкен Әлімханов жоғары бағалайды. Ол 2014 жылдан бастап Астанадағы Ұлттық Ұлан ән-би ансамбілінде қызмет етеді.
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Димаш Тоқаевтың, Си Цзиньпиннің және басқа да президенттердің алдында өнер көрсетті
Жаңалықтар
0