Алматыда 3 баласымен саңырауқұлақ теруге кеткен әйелді құтқарушылар түні бойы іздеді

саңырауқұлақ
саңырауқұлақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2023
Жазылу
Әйел балаларын алып, жол талғамайтын көлікпен Асы үстіртіне саңырауқұлақ теруге кетіп, кешке үйге оралмаған
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Алматы облысында құтқарушылар саңырауқұлақ теруге кеткен әйел мен оның үш баласын тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі хабарлады.
"12 тамызда әйел үш баласымен бірге жол талғамайтын көлікпен Асы үстіртіне қарай саңырауқұлақ теруге кетіп, кешке үйге оралмаған. Оның ұялы телефоны өшірулі болған. Балалардың әжесі алаңдап, құтқарушыларға хабарласты", - деп жазылған хабарламада.
Қоңырау түскеннен кейін төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы отбасын іздеуге шықты.
Ресми хабарламаға сәйкес, іздеу жұмыстары түні бойы жүргізіліп, құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді бүгін таңғы сағат 10.00-де Асы үстіртінің оң жағынан Түрген шатқалына апаратын аймақтан тапты. Олардың барлығы аман, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
"Саңырауқұлақ терушілер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешке қарай шатқалдан түсе алмай, көлікте түнеу туралы шешім қабылдаған. Отбасы қауіпсіз жерге жеткізілді. Туристер құтқарушыларға алғысын білдірді", - деп хабарлады ведомстводағылар.
От, жалын - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Өңірлер
Көршісі баласымен бірге өртеп жіберді - әйел болған жағдай туралы айтып берді
Жаңалықтар
0