Министр Қарабаев Әзербайжандағы вагон өндірісімен танысты

© Sputnik / Санат ИмангалиевИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
Қазақстандық делегация Баку халықаралық сауда портын, кеме жасау зауытын, Апшерон логистикалық орталығын, Говсан порты мен Баш-Алят стансасын аралап көрді
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Әзербайжанға іссапармен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық делегация Баку халықаралық сауда портын, кеме жасау зауытын, Апшерон логистикалық орталығын, Говсан порты мен Баш-Алят стансасын көріп, швейцариялық Stadler компаниясы ашқан вагон өндірісімен танысты.
Сондай-ақ министр Қарабаев осы елдің цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиевпен кездесті. Келіссөздер кезінде ведомство басшысы әзербайжандық әріптесіне Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша жаңартылған жол картасының жобасын таныстырды. Аталған құжатқа ТХКБ қатысушы мемлекеттері рәсімдейді.
"Құжат маусым айындағы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан үкімет басшыларының тапсырмасы аясында әзірленді. Онда Еуропа – Орталық Азия көлік байланысы туралы ЕҚДБ-ның сараптамалық есебінде көрсетілген тасымалдарды кешенді дамыту ұсыныстар ескерілді", - деді Қарабаев.
Кездесудің соңында Қарабаев әріптесін Астанада өтетін 26-шы TransLogistica Kazakhstan-2023 халықаралық көрмесіне шақырды.
Айта кетері, делегация құрамында Транскаспий халықаралық көлік бағыты халықаралық қауымдастығы, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы, Ақтау және Құрық теңіз порттары, ірі өнеркәсіп, өндіруші және көлік-логистикалық компанияларының өкілдері болды.
Жаңалықтар
0