Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина мен Ресей келіссөз жүргізе ме

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуРабота артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 "Град" ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР
Работа артиллерийских расчетов РСЗО БМ-21 Град ЦВО на Краснолиманском направлении в ЛНР - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Батыстағы БАҚ келер жылдың соңына қарай Киев АҚШ пен Еуроодақтың әскери қолдауынан айырылуы мүмкін екенін болжады. Мұндай жағдайда әскери іс-қимылдардың қарқындылығын азайтып, Ресеймен келіссөз туралы ойлану қажет болады, деп жазды РИА Новости.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба алдағы күздің өте қиын болатынын мойындады. Өйткені одақтастар арасында Мәскеумен диалогқа шақырғандай көбейіп жатыр. Ал Жаһандық оңтүстік өкілдерін Киевті толыққанды қолдауға көндіру мүмкін болмай тұр.
Бұл ретте министр ерте ме, кеш пе келіссөз басталатынын растады. Ол үшін араға делдал түсуі ықтимал.
Еске салсақ, өткен жылдың күзінде Украина билігі Мәскеумен кез келген саяси байланысқа заң деңгейінде тыйым салған болатын. Бірақ қазір жағдай өзгеріп жатыр.
"Киев аумақтарды бейбітшілікке айырбастау мүмкіндігін түбегейлі жоққа шығарады. Мұны ұсынатындар әдеттегі бизнесін тезірек қалпына келтіру туралы ойлайды, деді Кулеба. Ал Украинаға аумақтық тұтастық пен қауіпсіздік кепілдіктерін қалпына келтіру қажет", - деп жазылған РИА Новости материалында.
Мәскеу алдын ала қандай да бір талап қоюсыз, бірақ қазіргі шынайылықты ескере отырып, келіссөз жүргізуге дайын. Мемлекеттік департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Мэттью Миллердің айтуынша, Вашингтон Киевтің келіссөзден үзілді-кесілді бас тартуын ешқашан талап еткен емес.
Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы Зеленскийдің командасы уәде еткендей жылдам және жеңісті болмағаны Батыстың жоспарды қайта қарауына себеп. Енді Еуроодақ пен АҚШ Украинаға ақша мен қару-жарақ жіберуді жалғастыру керек пе деген мәселені талқылап жатыр.
Олаф Шольц қақтығыстың дипломатиялық жолмен шешілетініне үміт білдірді. Бұл ретте ол Сауд Арабиясында қырыққа жуық ел Мәскеу мен Киев арасындағы текетіресті талқылаған кездесуге тоқталды. Германия канцлері бұл форумды Ресейге қысым көрсету элементі ретінде көрсетуге тырысқанымен, Украина қалағанына жете алмағаны анық: Жаһандық оңтүстік бәрібір Батысқа қосылмады.
Немістің Bild басылымы Украина Қарулы күштері табысқа жете алмаса, онда енді Ресей қарсы шабуылға көшеді деп ескертті. Сондықтан одақтастар әкери іс-қимылдарды тоқтатқан дұрыс шығар деген ой туындап жатыр. Die Welt газеті де дәл осы бағытта мақала жариялады.
"Украина мен АҚШ арасында бәрі ойдағыдай жүріп жатқан жоқ. Ақ үй Конгресстен Киевке шұғыл әскери көмек ретінде 13 миллиард доллар сұрады. Бұл қаражат 30 қыркүйекке дейін қажет. Алайда Өкілдер палатасын бақылайтын республикашылдар күмәнданып отыр. Олар қақтығысты тезірек тоқтату үшін қаруды көбейтуге емес, қысқартуға шақырған Дональд Трамптың көзқарасын қолдайды", - деп жазды мақала авторы.
Сонымен қатар CNN хабарлағандай, америкалықтардың 55%-і Конгресс Ақ үйдің өтінішін қабылдамау керек деп есептейді. Алайда 48%-і, керісінше, әскери көмекті арттыруды қолдайды.
Украиналық саясаттанушы Вадим Карасев Киев билігі Ыстанбұл келісіміне келісуі керек еді деп есептейді.
"Соңында бәрібір Кулеба келіссөз туралы ойланып отыр. Ештен кеш жақсы. НАТО Украинаға авиациясыз қарсы шабуыл жасауды ұсынды, сондықтан енді Ресейдің жауапты соққысын күту керек", - деді ол жергілікті БАҚ-тың біріне берген сұхбатында.
Ресейлік сарапшылар әзірге Киевтің ұсыныстары Мәскеу үшін маңызды емес деп санайды. Саясаттанушы Родион Мирошниктің пікірінше, Күлеба қиын күз туралы айта отырып, ең алдымен өзін және басқарушы элитаның өкілдерін меңзейді.
"Жеке олар үшін Батыс елдерінің алдында Украинаның мәртебесін өзгерту үлкен трагедия. Кулеба, Резников, Зеленский және басқалар Ресеймен қарулы қақтығыстан басқа ешбір режимде билік ете алмайды. Сонымен бірге қарсы шабуылдың сәтсіздігінен кейін АҚШ пен Еуроодақ оларға қырын қарап отырғаны белгілі", - деді сарапшы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Онымен Ресей Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының сарапшысы Денис Денисов те келіседі. Украинада жақын арада Мәскеумен диалогтың қажеттілігі туралы пікірталас басталады, деп болжайды ол.
"Балама жоқ екенін бәрі түсінеді. Қарсы шабуылдың сәтсіздігімен бірге басқа амалдар да таусылды", - дейді сарапшы.
Бірақ соғыс қимылдарының аяқталуына әлі көп уақыт бар. Ең алдымен диверсия және лаңкестік әрекеттерді тоқтату үшін көп уақыт қажет. Осыдан кейін ғана тараптар бітімге келуді талқылай бастайды.
Жаңалықтар
0