Қазақстан-Қытай арасындағы кеден бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуГраница между Кыргызстаном и Казахстаном
Граница между Кыргызстаном и Казахстаном - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Жаңа жұмыс жүйесіне байланысты қызметкер саны көбейтілді
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Қазақстан-Қытай арасындағы "Нұр Жолы" кеден бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Хабар 24.
Транзиттік әлеуетімізді арттыратын жоба екі ел арасындағы келісім аясында жүзеге асты. Бастама қыркүйектің отызына дейін жалғасады. Бір жарым ай ішінде тәуліктік тауар айналымының тиімділігі зерттеледі.
Жаңа жұмыс жүйесіне байланысты қызметкер саны көбейтілді. Жалпы алыс - беріс көрсеткіші жақсарды, дейді мамандар.
Жетісу облыстық кірістер департаменті мамандарының мәліметінше, бұрын тәулігіне 450 көлікке дейін ел аумағына кірсе, қазір екі есеге артып отыр. Сәйкесінше қазына қаржысы да еселене түскен.
"Біздің бюджетімізге түсетін түсімдерге пайдасын тигізіліп жатыр. Бұрын орта есеппен тәулігіне 250-300 млн теңге түсетін болса бес жүз млн теңгеге дейін түсім түсті.", - дейді облыстық МКД бөлім басшысы Фархат Исаев.
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді
Жаңалықтар
0