ЕАЭО пен Африк елдерінің ынтымақтастығы күшейеді

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Негізгі мақсат – екі жақты тауар айналымын арттыру
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мен Африка елдерімен арадағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның ресми өкілі Ия Малкина мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл 27-28 шілде күндері Санкт-Петерборда Ресей-Африка II саммиті өткен болатын. Соның қорытындысы бойынша ресейлік тарап Африканың кейбір елдерімен қарым-қатынасты дамытуды ұсынды. ЕАЭО мүшелері осы бастаманы қолдады.
"Комиссияға ЕАЭО-ға мүше елдердің құзіретті органдарымен бірлесе отырып, Африканың кейбір елдерімен және интеграциялық бірлестіктерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша кешенді шаралар бойынша ұсыныс әзірлеу жүктелді. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африкалық одақ комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды рәсімдеу жұмысын жылдамдату қажет. Екі жақты ынтымақтастық жоспарлары да пысықталады ", - дейді Малкин.
Бірлескен жұмыс кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африканың экспорттық-импорттық банкпен өзара әрекет ету жолдары қарастырылады. Негізгі мақсат – екі жақты тауар айналымын арттыру, ЕАЭО пен Африка континенті арасындағы іскерлік байланыстарды күшейту. Ол үшін Еуразиялық экономикалық одақтың іскерлік миссиялары Африкаға аттанады.
ЕЭК-тың келесі отырысы 27 қыркүйекте өтеді.
Пекарь сыплет муку на стол  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы биыл 3,4%-ке төмендеді
Жаңалықтар
0