Қазақстан мен Татарстанның тауар айналымы бірінші тоқсанда 45%-ке өсті

© PhotoҚазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Татарстанмен тауар айналымы 758 млн долларды құрады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Дәурен Абаев пен Татарстанның басшысы Рустам Минниханов елдердің өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Татарстанмен тауар айналымы $758 млн құрады, ал 2023 жылдың бірінші тоқсанында 45%-ке өсті, делінген хабарламада.
Рустам Минниханов сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ-химия салаларында, өнеркәсіптік кооперацияда ынтымақтастықты арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін айтты.
Қазақстан мұнай-газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық салалардағы, ауыл шаруашылығындағы байланыстарды нығайтуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделі, деп толықтырды Дәурен Абаев.
Сапар барысында елші Татарстан мұнай-газ-химия форумына қатысты, оның аясында ол Қазақстанда жобаларды іске асыруға мүдделі компаниялармен келіссөздер жүргізді.
Жаңалықтар
0