Қазақстан мен Түркия Транскаспий дәлізі арқылы тасымалды ұлғайтады

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖүк пойызы
Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
Транзиттік бағдарлардың диверсификациясы ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Түркия темір жолын түрік тарапының пайдалану мүмкіндігі талқыланды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Астана мен Анкара Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін толық пайдалану арқылы тасымалды ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Нұртілеу қазір әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық ахуал күрделі болып тұрғанын атап өтті. Осы орайда екі ел көлік-транзит саласындағы мүмкіндіктерді әрі қарай арттыруға баса назар аударған.
"Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің ("Орталық коридор") әлеуетін толық пайдалану арқылы тасымалды ұлғайту қажет деген байламға келдік. Бұған қоса, транзиттік бағдарлардың диверсификациясы ретінде Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Түркия темір жолын түрік тарапы пайдалану мүмкіндігін ортаға салдық", - деді министр түрік әріптесі Хакан Фиданмен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде.
Сондай-ақ екі елдің СІМ басшылары әскери және қорғаныс-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты талқылаған.
"Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде бұл бағыттың маңызы өте зор", - деп атап өтті Нұртілеу.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапармен келді.
Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Ердоған күзде Қазақстанға келеді
Жаңалықтар
0