Қоғам

Мектептерде алғаш рет "Ақындар айтысы" байқауы басталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
Министрлік байқау мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Еліміздің барлық білім беру ұйымында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізілуде.
"Бұл жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Қазірдің өзінде Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында "Ақындар айтысы" ашық сабақтары басталып кетті", - делінген хабарламада.
Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау, деп атап өтті министрліктегілер.
Айта кетері, "Ақындар айтысы" байқауы мұндай кең көлемде елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ауқымды республикалық акция еліміздегі барлық білім беру ұйымын біріктіруге бағытталған және білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, ақындар дәстүрін жалғастыруға ынталандырады, деп түйіндеді ведомство.
Каникулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Инфографика
2023/2024 оқу жылы: оқушылар қалай демалады
Жаңалықтар
0