15 қыркүйекте емханаға тіркелу науқаны басталады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуМедицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото
Медицинский работник выдает медицинскую карту пациенту в регистратуре, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Жыл сайын өтетін науқан 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Осы жолы қазақстандықтар бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 1935 ұйымның біріне тіркелуге мүмкіндік алмақ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Атап айтар болсақ, 710 мемлекеттік және 1225 жекеменшік клиника. Биыл қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар бар? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Емханасын ауыстырғысы келіп жүрген азаматтар тіркеу науқаны кезінде бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 15 минуттық жерде орналасқан емханаға тіркелуді ұсынады. Бұл ең алдымен пациент үшін әрі дәрігерді үйге шақырған кезде тез келуіне ыңғайлы. Мұны, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар, дәрілік терапияда немесе клиникаға жиі баруға мәжбүр пациенттер ескеру керек.
Бұл ретте таңдаған медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы тиіс. Мекемелердің тізімін Қордың fms.kz сайтында "Клиниканы таңдау" бөлімінен көруге болады.
Айта кетерлігі, пациент жаңадан тіркелген емханасында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды, яғни 31 желтоқсанға дейін бұрынғы емханасына барады. Ал емханаға тіркеу науқанына қатыспаған азаматтар бұрын өзі қаралған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымда тіркелген күйі қалады.

Емханаға қалай тіркелуге болады?

Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар. Біріншісі – egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу" қызметін пайдалану керек. Ол үшін сайтта авторизациядан өтіп, қызмет түрін таңдап, ашылған бетті толтыру қажет. Осы ретте сізді қызықтыратын емхананың учаскелерінде бос орындардың бар-жоғын алдын ала нақтылап алған абзал.
Екіншісі – емханаға барып, өтініш жазу арқылы тіркелу. Айта кететін жайт, бұл тәсілді зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтіндер, жетімдер, сәбилер, қарттар үйіндегі жандар, ерікті және жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша тіркелгендер пайдалана алады.
Жаңалықтар
0