Алматыда күзде 300 мыңға жуық ағаш егіледі

© Photo : пресс-служба акимата АлматыАғаш егу науқаны
Ағаш егу науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Оның басым бөлігі – 207 мың ағаш Алатау ауданында отырғызылады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматыда күзде 298 мың ағаш отырғызылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күзгі ағаш отырғызу 20 қыркүйектен басталады. Қазір көгалдандырушылар технология бойынша тал еккенге дейін 5-10 күн желдетілуі керек шұңқыр қазып, топырақты дайындап жатыр.
Алатау ауданында 207 мың ағаш отырғызылады. Бұл ауданда ауқымды көгалдандыруға индустриялық аймақтың және санитарлық аймақтың аумағы-ЖЭО-2 маңындағы қорғаныс аймағы, Қарасу алаңы, Мөңке би көшесінің оңтүстігіндегі аумақ, сонымен бірге магистральдық көшелер мен жаңа шағын аудандардың аула аумақтары бойындағы учаскелер кіреді.
Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен гүлзарларға - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылады. Ағаштың бұл түрлері тығыз және саялы ағашқа айналып, ластанған ауа ағынын жақсы ұстайды.
Негізінен аталық терек сатып алынады, бұл терек мамығының азаюына және тұрғындар арасында маусымдық аллергия деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
2023 жылы 320 мың ағаш егу жоспарланған, соның 22 мыңы көктемде отырғызылды.
Тоқаев көшет отырғызды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Қоғам
Тоқаев Ботаникалық бақта көшет отырғызды
Жаңалықтар
0