Қоғам

Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Бұған дейін Боранбаев кінәсін мойындап, 14,5 млрд теңге шығынды өтеген болатын
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Астанада қазақстандық олигарх Қайрат Боранбаевқа сот үкімі шықты. Бизнесмен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астанада Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзаққа қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Олар ресейлік газ импорты кезінде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Боранбаев пен Наханов мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тайыр Жанұзақ бес жылға сотталды. Үшеуі де мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Бүгін "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын иемденіп, қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деп айыпталған Қайрат Боранбаев пен басқа сотталушылар кінәсін мойындап, Астана қаласының прокуратурасымен процестік келісімге келгені хабарланған болатын.
Прокуратура сотталушылар кінәсін толық мойындағанын және 14,5 млрд теңге залалды өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен процестік келісім жасау туралы шешім қабылдаған.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарғанын мәлімдеді. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 31 наурызда Қайрат Боранбаев бөтен мүлікті иемденгені және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазда сот бұл үкімнің күшін жойды, тараптар процессуалды келісім бекіту туралы шешімге келді.
Айта кетері, Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы. Оның қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын. Айсұлтан 2020 жылы тамыз айында қайтыс болды.
2016 жылдан бері Боранбаев Қазақстандағы ең бай 15 адамның қатарында тұр.
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Қоғам
Мұнай кен орны да бар: Қайрат Боранбаев 90 млрд теңгенің активтерін қайтарды
Жаңалықтар
0