Қоғам

Антикор Азық-түлік корпорациясының басшыларын ұстады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
Антикор елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат – астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметінен жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Азық-түлік корпорациясының өңірлік филиалдары мен ведомствоға бағынысты ұйымдарының бірқатар басшыларының жемқорлығын әшкереледі.
Антикор ақпаратынша, астық ұрлау фактісін жасыру үшін астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері пара бермек болған. Қазіргі уақытта күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Астанада "Азық-түлік корпорациясы" АҚ бас менеджері мен қаржы департаментінің директорына қатысты тергеу аяқталды. Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа берілді.
Арнайы жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде "Азық-түлік корпорациясы" АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді. Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Қоғам
Білім саласындағы жемқорлық: Антикор 102 қылмыстық істі тергеп жатыр
Жаңалықтар
0