Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған ер адамға сот үкімі шықты

© Sputnik / Владислав ВодневЗадержан захватчик и освобождены заложники из отделения банка в Астане
Задержан захватчик и освобождены заложники из отделения банка в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Астанада банк қызметкерлерін тұтқынға алған 30 жастағы Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сотталушы өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, сол күні ол суицид жасау мақсатында дәрі ішкен. Бірақ препараттың әсері болмай, ол банк ғимаратына шабуыл жасауды ұйғарған. Оны құрықтау кезінде полицейлер атып тастайды деп үміттенген.
Банк бөлімшесінде бірнеше адамды тұтқынға алған Мұрадов полицейлерге хат жазып, барлық ақшаны мұқтаж адамдарға аударып беруді талап еткен.
Бұған дейінгі сот отырысында банк қызметкерлері Мұрадовтың шабуыл қалай жасағанын айтып берді.
Ал Мурадов кешірім сұрап, ешкімге зиянын тигізгісі келмегенін жеткізді. Оның қолында болған жарылғыш құрылғы муляж болып шықты.
Жамбыл облысының тумасы бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапқа тартылған. 2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр.
Жаңалықтар
0