Министр "АрселорМиттал Теміртау" жайлы: Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз

© Sputnik / Асем МиржекееваArcelorMittal
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Шетелдік инвестордан ешкім ештеңе тартып алмайды
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның меншік иесі ауысатынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, шетелдік инвестордан ешкім ештеңе тартып алмайды.
"Қазақстан халықаралық инвесторлардың құқығын құрметтейді, ешкімнен ештеңе тартып алмайды. Бірақ өнеркәсіп қауіпсіздігі, қызметкерлер мен жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар бар. Сол себепті Қазақстандағы шетелдік инвесторлар осы талаптарды сақтауға тиіс. Біз олардан қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын толық көлемде сақтауын талап етеміз", - деді Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, заңнамалық механизм бойынша егер шетелдік инвестор қазақстандық нарықтан кеткісі келсе, ол басқа инвестормен немесе Қазақстанмен осы активті сату-сатып алу келісімшартын жасасады.
"Ал біреу әлдекімнен бір нәрсені тартып алады деп айту – Қазақстанда біз мұндайды көрмейміз деген үміттемін. Себебі бұл инвестициялық ахуалға үлкен соққы болады", - деп санайды министр.
Шарлапаев компания құрамындағы акционерлердің өзгеруі келісімшарт-құқықтық қатынас негізінде Азаматтық кодекске сәйкес жүргізілетінін атап өтті.
"Сол себепті біреу біреуден тартып алады деген әңгімені доғарайық. Келісімшарттық-құқықтық қатынас бар, біз соның аясында халықаралық инвесторлармен жұмыс істейміз", - деп түйіндеді сөзін Шарлапаев.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ нысандары ресейлік "Северсталь" компаниясына сатылуы мүмкін екені туралы қауесет тарады.
Алайда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ресейлік компаниямен ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Кәсіпорынды дамытуға қаражат инвестициялай алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр, деді ол.
На брифинге в РСК Карагандинской области министр по ЧС Сырым Шарипханов озвучил итоги работы Правительственной комиссии по расследованию причин аварии и гибели работников на шахте Казахстанская Угольного департамента АО АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік компанияға беріле ме – Қарағанды әкімдігінің жауабы
Жаңалықтар
0