Оңтүстік Каролинада кезекті рет жойғыш ұшақ құлады

© Sputnik / Александр Мельников / Медиабанкке өтуАмериканский истребитель-бомбардировщик F-35
Американский истребитель-бомбардировщик F-35 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Америкалық әскери ұшақтардың белгісіз себептермен құлауы АҚШ пен НАТО-ның технологиялық артықшылығы туралы қалыптасқан түсінікті бұзып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
18 қыркүйекте АҚШ-тың оңтүстік-шығысында, атап айтқанда, Оңтүстік Каролина штатында теңіз жаяу әскер корпусының Бофорт авиабазасының тағы бір F-35B Lightning II ұшағы белгісіз себептермен құлады.
Жалпы бұл таңғаларлық жағдай емес. Өйткені "Молнияның" конструкциялық жүздеген ақауы мен бағдарламалық жасақтамада көптеген қатесі бар. Пентагон бұл ұшақтың жаппай өндірісін мақұлдамады. АҚШ оны өз одақтастарына ғана сатып жатыр.
Ұшқыш катапульта орындап, көп ұзамай ауруханаға түсті. Ал оның құны 80 миллион доллардан асатын "Молния" ұшағы біраз уақыт автопилот режимімен ұшты. Транспондер жұмыс істемегендіктен, апат орнын табу көп уақытты алды. Әуе базасының қолбасшылығы тіпті Оңтүстік Каролинаның жергілікті тұрғындарына көмек сұрады.
Ұшақ сынықтары "Чарлстон бірлескен базасының солтүстік-шығысынан екі сағаттық жолдан" табылды. Демек F-35 ұшағы Мэрион көлінен кем дегенде 100 километр қашықтықты өз бетінше ұшып өткен. Ол тіпті халық тығыз орналасқан ауданға құлауы да ықтимал болған.
Жалпы "көзге көрінбейтін" америкалық ұшақтарға қатысты осы тектес бірнеше оқиға бұрын да болған. Мысалы, 2022 жылдың желтоқсанында Техастағы Форт-Уорт АҚШ ӘӘК авиабазасында F-35B ұшағы апатқа ұшырады. Қону кезінде ұшақ сырғанап кетті де, содан кейін алдыңғы шасси ұшып кетті. F-35B тұмсығын түсіп, қанатымен бетонды қағып кетті және ұшқыш катапульта орындады.
Сәл бұрын, қазан айында Юта штатындағы АҚШ ӘӘК Хилл әуе базасында бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауларға байланысты F-35A ұшағы қирады. Ұшақ қолмен басқару әрекеттеріне қатысты тапсырмаларды оорындауды тоқтатты.
Флоридадағы Эглин әуе базасында 2018 жылдың мамыр айында F-35A жойғыш ұшағы қонайын деп жатқанда апатқа ұшырады.
2018 жылдың 28 қыркүйегінде АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының F-35B жойғыш ұшағы Оңтүстік Каролинадағы Бофорт әуе базасына жақын жерде апатқа ұшырады.
2019 жылдың 9 сәуірінде Жапонияның әскери әуе күштерінің F-35A ұшағы апатқа ұшырауының себептері жұмбақ күйде қалды. Ұшақ Мисава әуе базасынан 135 шақырым жерде Тынық мұхитына құлады.
"Америкалықтар F-35 ұшағын әзірлеу бағдарламасына 20 жыл ішінде жүздеген миллиард доллар инвестиция салды. Бірақ бесінші буын деңгейіне жеткізілмеген ұшақ өз беделін жоғалтты. Себебі оның апатқа ұшырау ықтималдылығы тым жоғары", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, 2023 жылы 150 данаға жуық "Молния" шығару жоспарланып отыр. Бірақ Пентагон F-35 ұшағының жаппай өнідірісіне әлі де рұқсат берген жоқ.
F-35 ұшағының бағасы тым қымбат болғанымен, техникалық дайындығы тым төмен екені әлемге әйгілі болды. Әйтсе де F-35 ұшағын Америка өз одақтастары мен серіктестеріне жақсы сатып жатыр.
АҚШ Мемлекеттік департаменті 13 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қосалқы қозғалтқыштары мен басқа да жабдықтары бар 25 дана F-35 жойғыш ұшағын 5 миллиард долларға сатуды мақұлдағанын Конгресске хабарлады. Нәтижесінде Оңтүстік Кореяның "Молниялар" паркі қазіргі 60 данадан 85 данаға дейін өседі.
Еуропада Ұлыбритания, Норвегия, Италия, Нидерланды және Данияның әскери-әуе күштері Пентагон мақұлдамаған "Молния" ұшақтарын иеленіп отыр. Кейбір дерекке сәйкес, келесі кезекте Польша, Румыния және Чехия тұр.
Жаңалықтар
0