Таулы Қарабақ мәселесі аймақтағы барлық елге әсер етеді

© Sputnik / Медиабанкке өтуВид на город Степанакерт из окрестностей Шуши
Вид на город Степанакерт из окрестностей Шуши - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Батыс елдері Қарабақтағы қақтығысты шешу үшін ештеңе істемеді, ал Ресейдің аймақтағы тұрақтандырушы рөлі сақталды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Таулы Қарабақтағы ұзаққа созылған қарулы қақтығыс аяқталуға жақын. Әзербайжан тарапы мен жергілікті тұрғындардың өкілдері Ресей бітімгершілік контингенті қолбасшылығының делдалдығымен 20 қыркүйек күні сағат 13:00-ден бастап соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы келісімге келді.
Әзербайжан бүгінде егемендігін қалпына келтіріп, аймақты бейбіт жолмен қайта интеграциялауға бағыт алды.
Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин соңғы күндердегі оқиғаларға әділ баға бере отырып, былай деп мәлімдеді: "Баку өз аумағында әрекет етіп жатыр. Таулы Қарабақтағы жағдай – Әзербайжанның ішкі мәселесі".
Шынында да, 2022 жылдың күзінде Прагада өткен саммитте Ереван мен Баку БҰҰ Жарғысы мен 1991 жылғы ТМД Алматы Декларациясына адал екендерін растады. Яғни, тараптар Таулы Қарабақ Әзербайжан КСР құрамында болған кездегі бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындады.
2023 жылдың көктемінде Брюссельде Еуроодақтың эгидасымен өткен кезекті саммитте тараптар өз ұстанымдарын кезекті рет бекітті.
Бұл ретте Ресейдің бітімгершілік контингенті (РБК) Таулы Қарабақ аумағында тапсырмаларды орындауды жалғастырып жатыр. Олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейбіт тұрғындарға қатысты гуманитарлық заңдарды сақтау үшін Баку, Ереван және Степанакертпен өзара бірлесіп әрекеттер орындап жатыр. Қарабақтың үш ауданынан бес мыңға жуық адам бітімгершілік күштері орналасқан аумаққа көшіріліп, олардың барлығы медициналық көмек, ыстық тамақ және демалатын орындармен қамтамасыз етілді.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 20 қыркүйекте Джанятаг елді мекені маңындағы ресейлік бітімгершілік контингентінің бақылау бекетінен қайтып келе жатқанда бітімгершілік күштері бар көлікке оқ жаудырған. Көлікте болған ресейлік әскерилер қаза тапты.
Әзербайжан Республикасы мен Ресей Федерациясы тергеу органдарының өкілдері оқиға орнында мән-жайды анықтап жатыр. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Таулы Қарабақтағы Ресейдің бітімгершілік контингенті әскери қызметкерлерінің қайғылы қазасына байланысты кешірім сұрап, көңіл айтты.
"Оңтүстік Кавказдағы әрбір бітімгершілік миссия алғашқы күнінен соңғы күніне дейін қауіпке толы. Ресей қорғаныс министрлігінің 15-ші жеке мотоатқыштар бригадасының 800-ге жуық әскери қызметкерінен тұратын бітімгершілік күштері Әзербайжан, Армения және Ресей арасындағы үшжақты келісімге сәйкес 2020 жылдың қараша айынан бастап Таулы Қарабақ аумағында абыроймен қызмет етіп жатыр",- деп жазды Хроленко.
Әзербайжан мойындалмаған республиканың қарулы күштері шығарылғаннан кейін Таулы Қарабақты бейбіт жолмен реинтеграциялауға дайындалып жатыр.
Евлахта Әзербайжан Республикасының өкілдері мен Қарабақ армяндары арасында келіссөз өтті. Әзербайжан конституциясы мен заңдарына негізделген тұрғындардың құқықтары мен міндеттері талқыланды. Қарабақ халқының таңдау құқығы бар, ешкім оларды Әзербайжан азаматы болуға мәжбүрлемейді.
19 және 20 қыркүйекте Ереван Әзербайжан Республикасының "жергілікті сипаттағы лаңкестікке қарсы шараларына" сабырлылықпен жауап берді және Қарабақ армяндарын жақтамады.
Таулы Қарабақтағы оқиғалар Ереван маңындағы Армения бітімгерлері мен АҚШ арнайы күштерінің "Eagle Partner 2023" бірлескен әскери маневрлерінің барысына ешқандай әсер еткен жоқ.
Армения астанасында, атап айтқанда үкімет пен Ресей елшілігінің ғимараты маңында өткен қоғамдық наразылық ауыр зардаптарға әкелмеді. Соңғы жылдары премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен митингтер армян демократиясы нығаюының өзіндік белгісіне айналды.
Мәскеудің Таулы Қарабаққа қатысты қарапайым және күрделі сұрақтарға нақты және тікелей жауаптары бар. Ресейдің аймақтағы тұрақтандырушы рөлі сақталады. 19 қыркүйектегі оқиға кезінде Мәскеу қақтығысқа қатысушы тараптарды соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды және осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Қазіргі жағдайда 2022 жылғы Донбаспен кез келген салыстыру орынсыз екенін атап өту керек. Ресей қиын жағдайда ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындады да, содан кейін бейбіт халықты қарудың күшімен қорғады.
Армения Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін ешқашан мойындамаған және оны өз территориясының бір бөлігі деп жарияламады. Осы себепті ҰҚШҰ күштерін тарту туралы әңгіме болуы тіпті мүмкін емес.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2022 жылдың күзінде Таулы Қарабақ Әзербайжанның бір бөлігі екенін ресми түрде растады. Баку мен жергілікті халық үшін қалғаны уақыт еншісінде шешілетін мәселеге айналды.
"Батыс елдері Қарабақ армяндарына "құтқару" үшін ештеңе ұсынған жоқ. Олар қақтығысты шешу үшін де ештеңе істемеді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2020 жылғы келісімдерді орындауға шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік процесіне қайта оралу қазір бұрынғыдан да маңызды екенін айтты. Оқиғаның ушығып жатқанына қарамастан, Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысы 21 қыркүйекке белгіленді. Қыркүйектің 20-сына қараған түні АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлескенде, қақтығысты әскер күшін қолданбай шешуге болады деген орынсыз болжам айтты", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, Әзербайжанның "ішкі мәселесі" барлығына, бірақ әртүрлі әсер етті. Оңтүстік Кавказ проблемалары Еуропа елдерін аса алаңдатпайды. Мысалы, грек саясаткерлерін Қарабақтан кейін Эгей теңізі мен Кипрдегі жағдайдың шиеленісу ықтималдығы көбірек алаңдатады. Қалай болғандай да, кез келген жағдайда Батыс қауіпсіздік барлығына ортақ болуы үшін тең дәрежеде әрекет етпейтіні анық белгілі болып қалды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0