Төреғали Төреәліге сот шешімі шықты

© Sputnik / Владислав ВодневТөреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2023
Жазылу
Бұған дейін танымал әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматыда сот әнші Төреғали Төреәліге билік өкілдерін қорлағаны үшін үкім шығарды. Ол 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады, деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
"Сот биылғы жылдың 14 маусымында Майлин көшесінде "Lexus" маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады. Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөз сөйлеген, сондай-ақ қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындап жүрген билік өкілдерін қорлады", - деп жазылған соттың хабарламасында.
Прокурор А.-ны кінәлі деп тануды және 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Айыпкер өз кінәсін мойындамады.
Сот жаза тағайындау кезінде оның 5 кішкентай баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жайретінде қарастырды.
Бұған дейін танымал әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Оның көлікті есірткішегіп жүргізгені белгілі болды.
*Төреғали Төреәлінің шын аты – Әлиханов Төреғали Төреәліұлы.
Жаңалықтар
0