Астанада бүгін "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылады

© Стрингер"Иннопром-2022" көрмесіндегі қазақстандық "бэтмобиль" . Архивтегі сурет
Иннопром-2022 көрмесіндегі қазақстандық бэтмобиль . Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіптік көрмесі Қазақстанда алғаш рет 25-27 қыркүйек аралығында өтеді
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. 25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы ЭКСПО көрме орталығында алғаш рет INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
12 000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын көрмеде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі өз жобаларын таныстырады.
Экспозицияны екі елдің жетекші өнеркәсіптік және инновациялық компаниялары ұсынады. Көрмені ұлттық экспозициялар мен ЕАЭО елдерінің компаниялары толықтырады.
24 қыркүйекте БАҚ өкілдері көрмені аралауды бастады, олар бірінші болып Innoprom экспозициясымен танысады.
25 қыркүйекте Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьер-министрлерінің қатысуымен негізгі пленарлық отырыс өтеді. Премьералар сонымен қатар машина жасау, кеме жасау, станок жасау, химия, металлургия, тоқыма және авиация өнеркәсібіне арналған көрменің тақырыптық экспозицияларын тамашалайды.
Форумға қатысу үшін РФ министрлер кабинетінің басшысы Михаил Мишустин Қазақстанға келді, ол "Жаңа уақыттың өнеркәсіптік стратегиялары" атты пленарлық сессияда сөз сөйлейді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Жаңалықтар
0