Балалардың 17,5%-і буллингке ұшырайды – денсаулық сақтау министрлігі

CC0 / / Архивное фото подростка
Архивное фото подростка - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш артқан
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың мінез-құлқын бағалау бойынша 2022 жылғы ұлттық зерттеу нәтижесін жариялады.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда балалардың 17,5%-і буллингке ұшырайды, сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8%-і айына 2-3 рет айналасындағылардың тарапынан қорқытуды бастан кешірген, 11-15 жастағы балалардың 14,1%-і өз қатарластарына қатысты буллингке қатысқанын мойындады.
Сауалнама барысында анықталғандай, ұлдардың арасындағы буллингке қатысу көрсеткіштері қыздарға қарағанда жоғары. Буллингке ұшырағандарының ең жоғары үлесі 11 жастағы балалардың арасында болған, олар 15 жасқа толған сайын төмендейді.
2018 жылы буллингке ұшырағандарының үлесі (кемінде 2-3 рет) 14 % болса, 2022 жылы – 17,7 % болған.
Денсаулық сақтау министрлігі баланың буллингке ұшырағанын көрсететін белгілерді тізіп шықты. Олар:
зейін қою проблемалары,
депрессия, көңіл-күйінің болмауы,
ашуланшақтық, сенімсіздік сезімі,
сезімталдықтың жоғарылауы,
асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы,
әлеуметтік байланыстардың жоқтығы,
қорқыныш белгілері болуы мүмкін,
кеуде тұсындағы қысым, терлеу,
арқасының, желкесінің, бұлшықеттерінің ауыруы,
ұйқының бұзылуы.
Жаңалықтар
0