Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 жобаны жүзеге асырды – Смайылов

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өту"Иннопром.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі
Иннопром.Қазақстан өнеркәсіптік көрмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Жазылу
Жалпы сомасы 16 млрд доллар тағы 40 жоба жүзеге асырылу кезеңінде
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасында өнеркәсіптік кооперация арқасында 30 бірлескен жоба іске асты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов "Иннопром.Қазақстан" өнеркәсіптік көрмесі аясында өткен пленарлық отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайылов Қазақстан бұған дейін Ресейде игі дәстүрге айналған "Иннопром" жұмысына белсенді қатысып, өзінің заманауи технологиялық жетістіктерін ұсынып келгенін атап өтті.
"Біз бүгін көрмеге қатысушыларды Астанада алғаш рет қабылдап отырмыз. Бұл, сөз жоқ, қазақстандық бизнестің іскерлік байланыстарды кеңейтіп, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді", - деді премьер.
Ол жаһандық тұрақсыздық пен экономикалық сын-қатер жағдайында өзара іс-қимылдың осындай форматы орнықты дамудың маңызды құралы екенін атап өтті. Айтуынша, бүгінгі ауқымды шара өзара тиімді ынтымақтастыққа және алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге ықпал етеді.
Смайылов Ресей мен Қазақстан арасында жүзеге асқан бірлескен жобаларға тоқталды.
"Елдеріміз арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның арқасында Қазақстанда 30 бірлескен жоба жүзеге асты. Сомасы 16 млрд доллардан асатын тағы 40 ірі жоба жүзеге асу кезеңінде", - деді премьер-министр.
Ол көрме жұмысына ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорны мен компаниясы қатысып жатқанын айтты.
"Бұл бизнес-қоғамдастықтың өнеркәсіпті дамыту және жаңа өсім нүктелерін құру бойынша байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдіреді", - деп атап өтті Смайылов.
Бүгін Астанадағы "ЭКСПО" алаңында "Иннопром.Қазақстан" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі ашылды. Көрмеге Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері арнайы келді.
Қазақстан мен Ресей премьерлері Иннопром көрмесін аралап шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2023
Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан премьерлері "Иннопром" көрмесін аралап көрді
Жаңалықтар
0