Видео

Биік ағаштан баласын құлатып алған тиіннің әрекеті адамдарды таңғалдырды – видео

Жазылу
Егер тиіндер баласын көтеріп, ағаштан ағашқа қалай секіретінін көрмеген болсаңыз, онда бұл видео сізге арналған!
Бұл видеода тиін баласын ұясына апаруға әрекет жасайды. Алайда ол биік ағаштан баласын жерге құлатып алады.
Видеоға қарағанда, кішкентай тиіннің жолы болып, мүлде зардап шекпеген.
Жылдам түскен тиін баласын қайтадан көтеріп, оны жақын жерде орналасқан ғимараттың шатырының астына, көзге көрінбейтін жерге апарды. Бұл жолы бәрі ойдағыдай болды.
Күтпеген оқиға АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы хайуанаттар бағына келушілердің назарын аударып, олар болған жағдайды видеоға түсіріп алған.
Жаңалықтар
0