Смайылов телемедицинаны ауылдарға жеткізуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет отырысы, архивтегі фото
Үкімет отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьердің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілеріне ерекше көңіл бөлу қажет.
"Өңір әкімдіктері цифрландыру министрлігімен бірлесіп, аудандық деңгейден төмен денсаулық сақтау ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу процесін тездетуге тиіс. Қажетті консультацияны жедел алу үшін телемедицина мен қашықтан қызмет көрсетуді ауылдарға дейін жеткізу қажет", - деп тапсырма берді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол аса қажет мамандармен қамтамасыз ету үшін медициналық университеттер мен колледж түлектерімен бірге тәжірибелі мамандарды да өңірлерге, әсіресе ауылдарға тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.
"Көріп отырғанымыздай, жұмыстар әлі де жеткіліксіз, ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеу керек", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Смайыловтың ақпаратынша, денсаулық сақтау объектілерін медициналық жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 84%-ті құрайды. Олардың жартысынан көбі тозған.
Уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін әкімдіктер алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілерін қолданыстағы нормативтерге сәйкес жабдықтауы қажет, деп түйіндеді сөзін премьер.
Жаңалықтар
0