Жыл басынан бері 16 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 19,6% Қытайдан келген
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 026 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,2 мың этникалық қазақ оралды.
"Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 19,6% Қытайдан, 10,9% Моңғолиядан, 7,8% Ресейден, 5,9% Түрікменстаннан және 2,2% басқа елдерден келген", - дейді министрлік.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастар саны 61,4%, ал зейнет жасындағылар саны 8,5%-ды құрайды.
Ал білімі жоғарылар 15,6% болса, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,2%-ы жалпы орта білімді.
"Қоныс аударған этникалық қазақтар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды. Оларға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде төленді", - дейді ведомство.
493 қандас тұрақты жұмысқа орналастырылды, 918 адам біржолғы субсидия алды, ал 383 қандасқа тұрғын үй шығыны субсидияланды.
 Астана талапкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Биыл 801 қандас грантқа түсті
Жаңалықтар
0