Дерекқор

Мүшел жас туралы не білу керек

© AP Photo / Pavel MikheyevКазахстанцы, архивное фото
Казахстанцы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі болып саналады. Одан кейін әр 12 жыл өткен сайын қайталанып тұрады. Соның ішінде ең қауіпті кезең де бар. Sputnik Қазақстан мүшел жасқа қатысты маңызды деректерді ұсынады.

Анасының құрсағында өткізген уақыты да есептеледі

Қазақтың жыл санауы бойынша 12 жылдың әрбіреуі жануардың атымен аталады. Алдымен тышқан жылы, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит пен доңыз келеді. Әрбір жыл наурыздың 22-сінен басталады. Ал барлығы бір айналып шыққанда мүшел жасты құрайды. Бірақ адамның алғашқы мүшелі 13 жаста басталады. Себебі анасының құрсағында жатқан 9 айы бір жыл болып есептеледі.
Мүшел жас қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі болғаннан кейін 13 жасты "алғашқы мүшелі" дейді. Одан кейін 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. 25 жас - екі мүшел, 37 жас - үш мүшел, 49 жас - "төрт мүшел" болып кете береді. Мүшел санау дәстүрі қоғам мүшесінің қоғамдағы орны мен мәртебесін де белгілеуді білдіреді. Бұл тәсіл өткен жылдарды есептеуге де, адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы әрі бірден-бір оңай есептік жүйе. Бұл жасында әр адам сақтанып жүреді, алыс, ауыр сапарларға шықпайды. Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді.
Қазақтардың мұндай сақтануы негізсіз емес. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады.
Елтаңба - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Дерекқор
"Қазақ" сөзі қалай пайда болды
Астрономдардың айтуынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады.

Жарты мүшелге қатысты ғұрыптар

Әр мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Ал жарты мүшелдер арнайы ғұрыптармен аталып өтілген.
Жарты мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, "атқа мінгізу" салтын өткізген. Қыз баланың құлағын тесіп, сырға таққан. Балиғатқа толуына байланысты "он үште отау иесі" болу және тағысын тағы.
Люди наблюдают закат в Берлине, Германия - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2023
Дерекқор
Бірінші мүшел: 13 жаста не істеу керек
Алғашқы мүшелде ер балалардың даусы өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. 13 жас кейбір балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жайымен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына шалдығуы мүмкін деседі.
Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеледі. Себебі тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі болады деген сенім бар. Ал адам өміріндегі ең басты әрі қауіпті мүшел 37 жас саналады. Мүшел жастан аман-есен өткен адам садақа беріп, жеті нан үлестіреді.

Әрбір мүшелдің маңыздылығы қандай

13 жас кейбір нәзік балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жәйімен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына ұшырауы мүмкін деседі.
25 жас - жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұрады. Бұл мүшелде де садақа беріп, келесі мүшелге дейін аман-есен болайын деп ниет етеді.
37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел. Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайды.
49 жас - бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, "маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап-күліп қалайыншы" дейтін кезі.

жастар - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Дерекқор
Екінші мүшел: 25 жаста не істеу керек
61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
73 жас - бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "айһай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
85 жас бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында "күлсең кәріге күл", бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Дерекқор
Қазақ халқы қандай сандарды қасиетті санаған
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді: 97 жас (қалжырау), 109 жас (шөпшек сүю), 121 жас (немене сүю).

Мүшелге қай кезде кіреді

1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13-те кіреді - 14-те шығады
2 - мүшел - 25 жас (жігіттік шақ). 25-те кіреді - 26-да шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37-де кіреді - 38-де шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49-да кіреді - 50-де шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61-де кіреді - 62-де шығады
6 – мүшел - 73 жас (қарттық). 73-те кіреді - 74-те шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85-те кіреді - 86-да шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97-де кіреді - 98-де шығады
9 – мүшел - 109 жас (шөпшек сүю). 109-да кіреді - 110-да шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121-де кіреді - 122-де шығады

Мүшел жасты тойлай ма

Қазақ халқында туған күнді немесе мүшел жасты тойлау болмаған. ХХ ғасыр басынан бастап белгілі қайраткерлердің мүшел тойлары, сондай-ақ 50, 60, 70 жасқа толуына байланысты мерекелік шаралар өткізіле бастады. Мерейтойдың (мүшелтойдың) әлеуметтік және рухани мән-маңызы өте зор. Ол белгілі ақын, жазушы, ғалым, батыр және тағы басқа елге белгілі адамдардың еңбегін бағалау, оның мәртебесін көтеру ғана емес, қалың жұртшылықты әсіресе, жастарды ұлы іске, өнерге, білімге тәрбиелеудің үлгісі, халыққа қызмет етудің көрінісі деп бағаланады. Мүшел жасқа толған қайраткер ел алдында есеп береді, өз қызметінің жемісін көреді. Ал жастар да оларға еліктейді, армандайды және биік мақсаттарға жетуге тырысады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Дерекқор
Қазақ халқы жеті қазынаға нені жатқызған
Жаңалықтар
0