Қазақстанда биыл 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

© Photo : Пресс-служба ДВД города АлматыПолицейский выписывает штраф, архивное фото
Полицейский выписывает штраф, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Жазылу
Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы
АЛМАТЫ, 3 қазан - Sputnik. Биыл 8 айда шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәлімдеді.
5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілген.
"Айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 50% жеңілдікпен өндірілген. Бұл - 44,1 млрд теңге", - дейді Бас прокуратура.
Айыппұл ең көп салынған аймақ - Алматы. Мұнда 1 млн құқық бұзушылық болған. Салынған айыппұл 16,8 млрд теңге, соның12,7 млрд-ы төленген. Екінші орында Астана, 800 мың құқық бұзушылық болған. 12,7 млрд теңге сомасына айыппұл салынып, 8,6 млрд теңге төленген.
"Құқық бұзушылық ең аз жасалған - Павлодар облысы. 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген", - дейді ведомство.
Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ін ішкі істер органдары анықтаған.
"5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен. Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген", - дейді Бас прокуратура.
Жол бойындағы бейнекамера шардың арқасында 38,1 млрд теңге айыппұл салынды.
Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Әнұран кезінде қолын дұрыс ұстамаған әскери қызметшіге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0