Автобус және такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2023
Жазылу
Арнайы автоматтандырылған медициналық кешендер пайдаланылады
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. 16 қазаннан бастап еліміздегі қоғамдық көлік жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілерді онлайн форматта тексеру кезінде заңнама талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендер пайдаланылады.
Атап айтқанда, медициналық кешендер:
жүргізушіні биометриялық және (немесе) басқа әдіспен сәйкестендіру,
онлайн сауалнама өту,
көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясын тексеру,
алкогольдік масаңдықты тексеру,
дене температурасын,
қан қысымын және пульсті өлшеу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.
Осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктер мен автобус парктеріне:
тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;
жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;
жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;
уақытты үнемдеуге;
жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Министрдің бұйрығы 16 қазаннан бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
0