Израильде 100-ден астам Қазақстан азаматы көмек беруді сұрады

© AFP 2024 / SAID KHATIBПрибывает экскаватор, чтобы приступить к расчистке завалов после израильского удара на юге сектора Газа
Прибывает экскаватор, чтобы приступить к расчистке завалов после израильского удара на юге сектора Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Олардың бір бөлігі дипломаттардың көмегімен елден кетті
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Қазақстанның 100-ден астам азаматы Израильден елге қайтуға көмектесуді сұрады, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі кезде қазақстандықтарды қақтығыс аймағынан шығару шараларына Израиль, Мысыр мен Иорданиядағы елшіліктер жұмылдырылып отыр.

“16 қазандағы жағдай бойынша Израильдегі Қазақстан елшілігіне 100-ден астам қазақстандық елден кетуге жәрдем көрсетуді сұрады. Олардың бір бөлігі дипломаттардың көмегімен елден кетіп қалды. Кеше 19 азаматымыз, соның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған 15 бала ұшып шықты”, - деді Смадияров бүгінгі брифингте.

Осы орайда министрлік өкілі Тель-Авивтегі әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Кез келген адам билет алып, еліне ұшып шыға алады.
“Бұған дейін репатриациялық рейс болған. Қазір дипломаттар Қазақстанға қайтуға жәрдем көрсетуді сұраған азаматтарға әуе билеттерін қайта брондап, сол елден шығуға көмектесіп жүр. Қазақстан азаматтары арасында жарақат алған және қаза тапқандар жоқ”, - деп атап көрсетті Смадияров.
Сектор Газа под обстрелом - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2023
Палестина-Израиль қақтығысы кезінде 16 ресейлік қайтыс болды
Жаңалықтар
0