Ақмола облысында кейбір ауруханалар қаржыны игермеген

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
Биыл медициналық көмекті жалпы қаржыландыру көлемі 83,6 млрд теңге болған
КӨКШЕТАУ, 18 қазан – Sputnik. Ақмола облысындағы кейбір медициналық ұйымдар қаржыдан тапшылық көрсе, енді бірі оны игере алмай жатыр. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Азамат Өміртаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы сатып алу жоспары бойынша медициналық көмекті жалпы қаржыландыру 83,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 46,8 млрд және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде – 36,8 млрд теңге бөлінген.
"2023 жылдың сегіз айында 52,1 миллиард теңге төлем қабылданды, бұл жасалған медициналық қызметтерді сатып алу шартының 64,9 пайызын құрады. Осылайша, жыл соңына дейін 1,4 миллиард теңге сомасында шарттық міндеттемелерді орындай алмау қаупі төніп тұр. Оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 400 миллион теңгеден астам және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде –1 миллиард теңге", - деп түсіндірді Азамат Өміртаев.
Ал керісінше көпбейінді облыстық аурухана, облыстық тубдиспансер, Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана, Целиноград аудандық емханасы қосымша қаржыландыруға мұқтаж.
Облыстың бас дәрігерлеріне клиникалардағы менеджментті қайта қарап, шарттық міндеттемелерді азайтуға ұсыныстар дайындау міндеттелді.
Калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Экономика
Министрліктер 86 млрд теңгені игермеген
Жаңалықтар
0