Андрей Стенин фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуФотограф Алексей Орлов, получивший Гран-при в номинации "Главные новости. Серии фотографий" конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года за работу "Зарево"
Фотограф Алексей Орлов, получивший Гран-при в номинации Главные новости. Серии фотографий конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года за работу Зарево - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Марапаттау рәсімі "Россия сегодня" халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өтті
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. 2023 жылғы Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының Гран-при жүлдесі ресейлік журналист Алексей Орловқа берілді.
Оның "Зарево" атты ақ-қара түсті фотоәңгімесі тоғызыншы рет өткен байқауда үздік деп танылды.
"Бұл байқау қайғылы оқиғаға – 2014 жылы әскери тілшіміз қақтығыс орнында қайтыс болуына байланысты дүниеге келді. Ол кезде біз соғыс басталатын орында қызмет еткен тілшілеріміз бен фотографтарымызды бұлай атамайтын едік", - деді "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев.
© Photo : Alexey Orlov/Stenincontest Алексей Орлов
Работа из серии Зарево российского фотографа Алексея Орлова. Главные новости, серии, Гран-при - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Алексей Орлов
Оның айтуынша, сол кезде журналистер болып жатқан апаттың ауқымы туралы толық түсінбегенмен, "Россия сегодня" журналистер корпусы шығынға ұшырап үлгерді.
"Өкінішке қарай, биылғы жазда біз Екатеринбургте тағы бір тілшіміз, әскери тілші Ростислав Журавлевті жерледік. Бұл мамандық жанқиярлықты қажет етеді. Өкінішке қарай, бұл байқауда бұрынғыға қарағанда соғыс көбірек және бұл әлемнің қайда бара жатқанын көрсететін секілді", - деді Киселев.
"Зарево" – Донецк пен Мариупольдегі оқиғалар туралы репортаж Арнайы әскери операция (АӘО) басталғаннан кейін бір айдан аз уақыт өткен соң түсірілді.
Алексей Орлов 2022 жылдың наурыз айында Арнайы әскери операция аймағындағы жұмысы туралы айтты.
© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өту Андрей Стенин 2023
Церемония объявления Гран-при и победителей конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Андрей Стенин 2023
"Бұл күндер менің өмірімдегі ең қиын күн болса керек. Өйткені мен Донецк және Мариуполь қалаларында осының бәрін басынан өткерген адамдарды көрдім. Менің мақсатым – бұл бейбіт күндері артта қалған қаланың бейнесін көрсету. Мұндағы тұрғындардың құндылықтары өзгерген, көпшілігі баспанасынан, тіпті жақындарынан айырылды. Көбі үміттен басқаның барлығынан айырылды", - деді ол.
Жалғыз суреттер арасында "Басты жаңалықтар" номинациясында Бахрейн фотографы Айман Якубтың Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы Saudi Aramco мұнай базасына йемендік зымыранмен жасалған шабуыл туралы түсірген "Отты шар" атты суреті үздік деп танылды.
© Photo : Ayman Yaqoob/Stenincontest "Огненный шар"
Работа Огненный шар бахрейнского фотографа Айман Якуб. Главные новости, одиночная фотография, 1-е место - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
"Огненный шар"
Осы номинациядағы топтама суреттер арасында қазылар алқасы бірінші орынды бермеу туралы шешім қабылдады.
Стенин атындағы байқаудың "Менің планетам" номинациясы бойынша қатысушылар арасында Калькуттадан келген тілші Сайян Адхикаридің "Ұмыт болған дәстүр" атты ақ-қара түстегі суреті және испаниялық фотограф Адра Паллонның "Демографиялық эвтаназия" атты суреті ең танымал болды.
Калькутталық фотографтың туындысы Үндістанның солтүстік жағалауындағы балықшылардың қолөнері туралы болса, испаниялық фотографтың жұмысы Испанияның Галисия провинциясында халықтың биліктің шешіміне сәйкес сол аймақтан қоныс аударуға мәжбүр болуы бейнеленген.
© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАндрей Стенин 2023
Церемония объявления Гран-при и победителей конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Андрей Стенин 2023
Спорттық категорияда екі номинация - жалғыз суреттер мен топтамалар бойынша да бірінші орындар ресейліктерге берілді. Ең үздік жалғыз сурет ретінде ЦСКА-Мәскеу жасөспірімдер футбол клубының қорғаушысы Егор Носковтың ойын кезіндегі сәтін түсірген Эдгар Брещановтың "Соңғы лем қалғанша күрес" суреті танылды. Сондай-ақ бұл жұмыс Әл-Маядин ТВ Жалпы арабиялық ақпараттық холдингінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
Топтамалардың ішінде Ресей Олимпиада комитеті құрамасының Бейжіңдегі XXIV Олимпиада ойындарына қатысуы кезіндегі ең жарқын сәттерді біріктіретін Сергей Бобылевтың "Жеңіс энергиясы" үздік деп танылды.
"Портрет. Біздің заманның қаһарманы" номинациясында Ресей мен Франция фототілшілерінің жұмыстары үздік деп танылды: Новосібірлік журналист Владислав Некрасовтың "Имаго" атты қара-ақ түсті фотографиялық фантасмагориясы және француз тілгісі Люси Одиен Дарастың аутизммен ауыраиын өз інісі Антуан туралы "Лилу – іштегі аутизм" атты суреттер топтамасы.

Байқау туралы

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).
Жаңалықтар
0