Қазақстанда екі жаңа мереке аталып өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевСтюардесса Әлия Әбдіқайырова
Стюардесса Әлия Әбдіқайырова - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады, Еңбек министрлігі тізімге тиісті толықтырулар жобасын әзірледі.
Атап айтқанда, Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпанда және Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісінде аталып өтеді.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 2023 жылдың 2 қарашасына дейін талқыланады.
Бүгінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ, сол себепті өздерін біртұтас авиация саласының өкілі ретінде сезіне алмайды, - делінген түсініктемеде.
Бұрғылаушы күні геологтардың, мұнайшылардың, бұрғылаушылардың еңбегіне құрмет көрсетуге, жұмысшыларға құрмет көрсетудің жаңа дәстүрін енгізуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0