Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаРизабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Біріккен күрес әлемі қауымдастығы әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты
АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлады Kazsporttv.rz.
"Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты", - деп жазды ақпарат порталы.
Сондай-ақ әйелдер күресінде Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Әлем чемпионатында тұңғыш алтын медаль жеңіп алған палуанымызға қандай сыйақы беріледі
Жаңалықтар
0