Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін құтқарушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін құтқарушылар күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!" – делінген Тоқаевтың құттықтауында.
Жаңалықтар
0