Израиль мен Мысыр "Рафах" бекеті арқылы Газадан кететіндердің тізімін келісті

© AFP 2024 / SAID KHATIBГаза-Египет шекарасындағы "Рафах" бақылау бекеті
Газа-Египет шекарасындағы Рафах бақылау бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. Израиль мен Мысыр "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан кететіндердің тізімін келісті, елшіліктерге алдын ала хабарланды.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Газа секторы мен Мысыр арасындағы "Рафах" бақылау-өткізу пунктінде терминал ашылғанын айтты. Бұны Мысыр хабарлаған. Ашық терминал арқылы 90-ға жуық жараланған палестиналық, 450-ге жуық шетелдіктер мен қос азаматтығы бар адамдарды өткізіп алмақ болған.
"Газадан "Рафах" пункті арқылы кететіндердің тізімін Израиль мен Египет келіскен, тиісті елшіліктерге алдын ала хабарланған", - деп жазды Рейтер агенттігі Батыс шенеунігіне сілтеме жасап.
Газа секторында жараланғандар "Рафах" арқылы Солтүстік Синай провинциясындағы Мысырдың екі ауруханасына жеткізілетіні белгілі болды, деді РИА Новости жергілікті денсаулық сақтау органдарының дереккөзіне сүйеніп.
Бұған дейін Газада жараланғандарды тасыған алғашқы жедел жәрдем көліктері Рафах арқылы шыққаны және Мысыр сәрсенбіде 81 жараланған адамды қабылдайтыны туралы хабарланған болатын.
"Сексен бір жараланған палестиналық Египеттегі екі ауруханаға жеткізіледі, 31-і Рафах шекара өткелінен 20 шақырым жерде Шейх - Зувейд қаласындағы ауруханаға, 50-і шекара өткелінен 45 шақырым жерде орналасқан Эль-Ариша ауруханасына орналастырылады", - деді агенттік сұхбатшысы.
Жаңалықтар
0