ҰҚШҰ мен БҰҰ бас хатшылары екі ұйымның өзара іс-қимылын талқылады

© Sputnik / Арам Нерсесян / Медиабанкке өтуЗаседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ
Заседание Комитета секретарей Совбеза ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Тараптар ҰҚШҰ мен БҰҰ хатшылықтары арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады
АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш бейнебайланыс арқылы келіссөздер жүргізді.
"Тараптар ҰҚШҰ хатшылығы мен БҰҰ хатшылығы арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, аймақтық профилактикалық іс-шаралар арқылы стратегиялық қауіпсіздік тәуекелдерін азайту бойынша келісілген халықаралық қадамдардың маңыздылығы атап өтілді", - делінген ҰҚШҰ мәлімдемесінде.
Осылайша, тараптар терроризмге, есірткі бизнесіне, трансшекаралық қылмысқа, заңсыз көші-қонға қарсы тұру, сондай-ақ бітімгершілік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Терроризм идеологиясы мен үгіт-насихатының таралуына қарсы күрестің және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ тараптар байланыстарды жалғастыруға келісті, делінген ҰҚШҰ мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
0