Сәтқалиев АЭС салудағы ресейлік технологияның артықшылықтары туралы айтты

© Photo : Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясының құрылысы
Түркиядағы Аккую атом электр станциясының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Ресейлік ядролық технологиялар қазір құрылыс тұрғысынан қауіпсіз, тиімдірек және арзан
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Ресейлік ядролық технологиялар қазір анағұрлым қауіпсіз, деді Ақорданың кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері арасында Қазақстанда үш жылу электр орталығын салу туралы келісімге қол қойылды.
Осыған байланысты журналистер Сәтқалиевтен бұл айырбастың бір түрі деп санауға бола ма деп сұрады.
"Бұл – параллель жобалар. Қазақстан ешқашан атом электр станциясының құрылысын таза ресейлік жоба ретінде қарастырған емес. Біз әрқашан халықаралық жоба болатыны туралы айттық. Қазақстан ең үздік технологияларды таңдайды", - деп түсіндірді Сәтқалиев.
Негізгі шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады. Бірақ Қазақстан АЭС салу кезінде ресейлік технологиялардың бәсекелестік артықшылықтарын жақсы біледі, деп атап өтті Сәтқалиев.
"Ресейлік ядролық технологиялар қазір құрылыс тұрғысынан қауіпсіз, тиімдірек және арзан екенін ашық айту керек. Олар шетелде осындай нысандарды көптеп салады және қолданыстағы жобалары көп. Венгрия, Түркия, Египет және басқа да көптеген елдер ресейлік мердігерлерді таңдағаны бекер емес", - деді Сәтқалиев.
Қорытындылай келе, ол шешім қабылдау кезінде геосаяси аспектілер ескерілетінін айтты.
Алмасадам Сәтқалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2023
АЭС құрылысы: екі америкалық компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр
Жаңалықтар
0