Спорт

Каратэден Азия чемпионаты: Қазақстан спортшылары 8 "алтын" жеңіп алды

© пресс-служба Минспорта КазахстанаКаратэден Қазақстан құрамасы
Каратэден Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2023
Жазылу
Биыл каратэден Азия ашық чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Алматыда өткен каратэден ересектер арасындағы I Азия ашық чемпионатында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа алыс-жақын шетелден 140-қа жуық спортшы келді. Олардың ішінде Германия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің ең мықты спортшылары бар.
Қазақстандық каратэшілер 8 алтын, 8 күміс пен 14 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында – Иран (3 алтын, 2 күміс, 3 қола), ал үшінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері (2 алтын) иеленді.
Алтын жүлде:
Ұлмекен Жалғас (+68 кг);
Бэлла Самашева (55 кг);
Даяна Даренская (61 кг);
Диас Анарбеков (+84 кг);
Жоламан Биғабыл (60 кг);
Ерсұлтан Тәңірберген (67 кг);
Диас Ұлбек (84 кг).
Күміс:
Лия Қошқарбаева;
Мәди Катешов;
Әйгерім Тұрсынбекова (50 кг);
Гүлмира Үсенова (61 кг);
Николь Ценгель (61 кг);
Дархан Тимралиев (60 кг);
Әбілмансұр Батырғали (75 кг);
Айдос Мұхатқа (67 кг).
Ал Ердос Кенжеғалиев (ката), Арина Якубина (+68 кг), Алина Сұлтанова (50 кг), Ақниет Шеризат (50 кг), Айжан Бакирова (61 кг), Венера Жақсыбаева (68 кг), Милана Власенко (68 кг), Айбек Шарап (60 кг), Дамир Нұрберген (75 кг), Азамат Марат (75 кг) және Никита Тарнакин (84 кг) қола медаль еншіледі.
Соңғы күні командалық жарыс ұйымдастырылды. Қазақстан ерлер командасы кумите бағдарламасында алтын алса, әйелдер қола жүлдеге ие болды.
Азия чемпионатында елордалық спортшылар 20 жүлдені қанжығаға байлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Азия чемпионатында елордалық спортшылар 20 жүлдені қанжығаға байлады
Жаңалықтар
0