Құс атқан Шымкент тұрғыны үш жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуИтелгі. Архивтегі фото
Ителгі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз атқан Шымкент тұрғыны ұсталды. Оған қатысты қылмысты іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" инспекторларымен бірге "Шымкент - Самара" тас жолында Audi 100 көлігін тоқтатқан. Жүксалғышын тексергенде екі жараланған ителгі мен жеті қарабауыр бұлдырық табылған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 339-бабы, 1-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жабайы құстар Шымкенттегі мемлекеттік хайуанаттар бағына тапсырылды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 3 000 айлық есептік көрсеткішке (10 350 000 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2022
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген арқарды сойып алған жігіт ұсталды
Жаңалықтар
0