Елорда тынысы

Қазақстан-Сан-Марино матчы: "Астана Арена" стадионына қосымша автобустар жүреді

© Sputnik / Абзал КалиевСтадион "Астана Арена"
Стадион Астана Арена - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2023
Жазылу
Арнайы автобустар сағат 19:30-дан бастап жүре бастайды
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. 17 қарашада "Астана Арена" стадионында өтетін Қазақстан мен Сан-Марино матчына арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "City Transportation Systems" компаниясына сілтеме жасап.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ойын кешкі сағат 21:00-де басталады. Оған дейін жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында футбол жанкүйерлері үшін шаттл-автобустар 5 жерден қатынайды. Олар:
"Астаналық цирк" автотұрағы;
"Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
"Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
"Әбу Насыр әл-Фараби" мешітінің тұрағы;
"Жастар" сарайы тұрағы.
Арнайы автобустар сағат 19:30-дан бастап жүре бастайды. Ал ойын аяқталғаннан кейін қосымша 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және 303 қала маңы бағдарларымен үйге жетіп алуға болады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Жаңалықтар
0