Алматыда прокурорлар 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды

© Sputnik / Кирилл КаллиниковАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Жазылу
Мегаполисте бірде-бір банк бөлімшесінде мүгедектерге жағдай жасалмаған
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда мүгедектерге жағдай жасамаған 13 банк жауапқа тартылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Мүгедектер құқының бұзылғанын Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтаған.
"Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар не талапқа сай емес, не мүлде жоқ", - деп жазды ведомство.
Бүгедек жандар прокурорларға банктердегі қызмет сапасының нашарлығын айтып, бұған дейін де шағымданып жүрген.
Негізі Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.
"Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті 13 екінші деңгейлі банкті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартты", - дейді прокуратура.
Уәкілетті орган барлық банктерге кемшіліктерді жою және мүгедекжандар үшін жағдай жасау туралы ұйғарымдар берді.
Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерген, ал қалғандары тиісті шаралар қабылдап жатқан көрінеді.
Жаңалықтар
0