"Artsport" бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды

© Photo : Pixabay /WolfsribРука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре ноутбука, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. "Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Прокуратура бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
"Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген. Аталған факті бойынша 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды" , - делінген хабарламада.
Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.
Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған. Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Жаңалықтар
0