ТМД елдері арасындағы байланысты дамытуда орыс тілінің рөлі ерекше - сенат спикері

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуУчебник русского языка, архивное фото
Учебник русского языка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Жазылу
Бұған дейін ТМД мемлекеттерінің басшылары орыс тілін қолдайтын халықаралық ұйым құру туралы шешім қабылдаған болатын
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. ТМД елдері арасындағы байланысты дамытуда орыс тілі ерекше рөл атқарады, деп мәлімдеді Бішкекте өткен ТМД парламентаралық Ассамблеясының (ПАА) пленарлық отырысында Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
"Орыс тілі ТМД мемлекеттері арасындағы байланыстарды дамытуда ерекше рөл атқарады. Әлемдік әдебиетпен, Пушкин, Толстой, Цветаева және басқа да ұлы авторлардың шығармаларымен танысуға мүмкіндік береді", - деді Әшімбаев.
Спикер орыс тілін Қазақстан да назардан тыс қалдырмайтынын айтты.
"Биыл 13 қазанда ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі барысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен орыс тілін қолдайтын халықаралық ұйым құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұйым тиімді жұмыс істейтініне сенімдімін", - деп атап өтті Әшімбаев.
Бұған дейін Астанадағы мерейтойлық жиырмасыншы күзгі орыс тілі мектебі 300-ден астам мұғалім жинағаны хабарланған болатын.
Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының алаңында семинардың 20 жылдығына, сондай-ақ Алтынсарин мен Константин Ушинскийдің педагогикалық идеяларының рөліне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.
2004 жылдан бастап ММУ-дің қазақстандық филиалы "күзгі орыс мектебі" ғылыми-әдістемелік семинардың ұйымдастырушы алаңына айналды. Мұнда орыс тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи үрдістер мен әдістемелік проблемаларды анықтау және олардың шешімдері туралы айтылады. Осы уақыт ішінде республиканың 3000-ға жуық педагогы семинарға қатысқан.
Жаңалықтар
0