Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы шешуші ойынды өткізу үшін Люблянаға ұшып барды

© PhotoФутболдан Қазақстан құрамасы шешуші матчты өткізу үшін Люблянаға ұшып барды
Футболдан Қазақстан құрамасы шешуші матчты өткізу үшін Люблянаға ұшып барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2023
Жазылу
Шешуші ойын қарашаның 20-сынан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те Стожице стадионында өтеді
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі ең маңызды матч қарсаңында Словения астанасы Любляна қаласына келді.
Ұлттық құрама өзінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында елдің команда ойыншыларының суреттері мен видеоларын жариялады.
Команда 19 қарашада баспасөз мәслихатын және жаттығу өткізеді деп жоспарланған.
Шешуші ойын қарашаның 20-сынан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те Стожице стадионында өтеді. Егер Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл ойында жеңіске жеткен жағдайда, команда өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Еске салсақ, ЕУРО-2024 додасына жолдама аясында өткен ойында біздің команда Сан-Марино командасын 3:1 есебімен ұтты. Словения бірер күн бұрын даниялықтардан 2:1 есебімен ұтылды. Бұл Қазақстанның ұлттық құрамасына Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін тартысқа түсуге мүмкіндік беріп отыр.
Жаңалықтар
0