Спорт

Словения – Қазақстан кездесуі алаң иелерінің жеңісімен аяқталды

© Photo : КФФСловения – Қазақстан
Словения – Қазақстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
Есеп 2:1. Словения жеңіске жетті
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Словения "Стожице" стадионында шешуші ойын өткізді. Словения Еуро-2024 чемпионатының финалдық кезеңіне өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Словенияның астанасында өткен матч Астана уақыт бойынша сағат 01:45-те басталды. Дегенмен қазақстандық футбол жанкүйерлері ұйықтамады. Словениядағы стадион да адамға лық толды. Себебі бұл – шешуші ойын.
Бірінші таймның соңғы минуттарында Словения шабуылдаушысы Шешко пенальтиден гол соғып, есеп ашты.
Дегенмен екінші тайм бастала сала Рамазан Оразов есеп теңестірді.
Telegram: Contact @sputnik_aitady
86-ші минутта Вербич гол соғып, Словения алға шықты.
Telegram: Contact @sputnik_aitady
Іріктеу кезеңінде екі команда да 9 ойын өткізді. Қазақстан ең бірінші ойынды наурыз айында Словенияға қарсы өткізген. Сол кезде қазақстандық футболшылар 1:2 есебімен жеңілді.
Сосын Сан-Марино (3:0, 3:1) мен Солтүстік Ирландияны (1:0, 1:0) екі рет ұтты. Ал Финляндия (0:1, 2:1) мен Дания (3:2, 1:3) бір рет жеңіп, бір рет ұтылды.
Словения да Сан-Марино (4:0, 2:0) мен Солтүстік Ирландияны (1:0, 4:2) екі рет жеңген. Финляндияны бірнеше ойында (3:0) ұтса, екіншісінде (0:2) есе жіберіп қойды. Данияға қарсы екі ойында да ұпайдан (1:1, 1:2) айырылды.
Бұл шешуші кездесуге дейін "Н" тобында Словения 19 ұпаймен екінші орында тұрды. Ал Қазақстанда 18 ұпай болды. Ережеге сәйкес, финалдық кезеңге әрбір топта екінші орында тұрған командалар шығады. Бірінші орында болған Дания өткен еді.
Алаң иелері кездесуге дейін тең есеппен де финалдық кезеңге шыға алатын еді. Себебі бір ұпайы басым болды. Ал Қазақстан құрамасына финалдық кезеңге алғаш рет шығу үшін тек жеңіс керек еді.
Жеңіліске қарамастан, Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы арқылы Еуроға жолдама алу мүмкіндігі әлі де бар.
Еуро-2024 чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан командалар: Словения, Австрия, Албания, Англия, Бельгия, Мажарстан, Германия, Дания, Испания, Нидерланд, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Түркия, Франция, Швейцария мен Шотландия.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сан-Марино ойынын тамашалау үшін стадионға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2023
Тоқаев Қазақстан мен Сан-Марино ойынын тамашалау үшін стадионға келді
Жаңалықтар
0