Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар өткізіп жатыр

CC0 / Thomas Breher / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Жазылу
Сабақтар білім беру орталықтарының әлеуметтік желілердегі каналдарында тікелей эфирде өтеді
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтарды бастады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында және желідегі парақшаларында тікелей эфирде өткізіледі.
Онлайн сабақтардың барлық эфирі сақталады, оны талапкерлер кез келген уақытта көре алады.
"Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп, төртінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 600-ге жуық сағат онлайн сабақ өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен мектеп түлектері қатысып, ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 20-дан астам орталық сабақ береді. Жобаға бюджет қаражаты жұмсалмайды", - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін онлайн тестілеуді іске қосты.
Оқу жылының басында ҰТО сайтында:
тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары;
"Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі;
"Информатика" пәнінен терминдер тізімі;
"Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.
Жаңалықтар
0