Ақтөбеде түнгі клубта екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілер сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Олардың екеуі ұзақ мерзімге – 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Ақтөбеде түнгі клубтағы төбелес кезінде екі жігітті ұрып өлтірген күзетшілерге үкім шықты. Жұдырығы жуан жігіттер енді ұзақ мерзім түрмеде отырады, деп хабарлады КТК.
Үкімді тыңдауға келгендер көп болды. Сотталушы жігіттердің жақындары сот залына сыймай, кейбіреуі дәлізде отырып тыңдады. Сот басталмай тұрып, қамауда отырғандар қолындағы кісенді шешуді талап етіп шу шығарды. Адамның көптігінен қауіпсіздік үшін арнайы жасақ сарбаздары тартылған.
Түнгі клубтағы қанды оқиға осыдан бір жыл бұрын болған еді. Темір ауданынан Ақтөбеге жарысқа келген төрт жігіт ойын-сауық кешенінде күзетшілермен сөзге келіп төбелеседі. Он жігіт оларды жабылып ұрып есінен тандырады. Онымен қоймай, 31 жастағы Амандық Күшкінбаев пен 27 жастағы Серік Төлеуовті пышақтап өлтіреді.
Мәйіттерді екі көлікке тиеп өзен жағасына лақтырып кеткен. Осы қылмыс бойынша адам өлтіргені үшін екі сотталушы 15 және 17 жылға бас бостандығынан айрылды. Тағы алты жігіт бұзақылық бабы мен қылмысты тиісті органдарға хабарламағаны үшін 4 жыл, қалған алтауы екі жарым жыл түрмеде отыратын болды.
Тек 17 жастағы жасөсіпірім сот залынан босатылды. Ол бір жыл бойы тәртіп сақшыларының бақылауында болады.
"Мұхамеджановқа қолданылған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатқа өзгертілсін. Мұхамеджанов сот залынан дереу қамаудан босатылсын", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиев.
Жаңалықтар
0